Екібастұз әкімдігі «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ін сотқа берді
Азаматтық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігі апаттың салдарын жоюға бөлінген қаржыны кәсіпорыннан өндіріп алмақ.
2022 жылдың 28 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Екібастұз ЖЭО-да және кеншілер қаласындағы жылу желілерінде болған апатқа байланысты техногендік төтенше жағдай жарияланды.
Оның салдарын жоюға жергілікті бюджеттің төтенше резервінен 22 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қаражатты құтқарушылар мен қызметшілердің азық-түлігіне, тұрғын үйге, сондай-ақ жанар-жағармайға жұмсалды.
Қалалық прокуратураның ұсынысы бойынша кәсіпорынға аталған шығындарды өтеу туралы талап арыз, дауды сотқа дейін реттеу туралы талап жолданған. Ал «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС ақшаны қайтарудан бас тартуда.
Қала әкімдігі сот ісі аяқталмағанын хабарлады.