Екібастұз ауруханасында рентген машинасы өртенді
Науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 17 тамызда сағат 12:00 шамасында Екібастұз қаласының ауруханасында бірінші қабаттағы терапевтік корпуста өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Қысқа тұйықталу салдарынан кескінді айқындайтын машинадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сағат 12:26-да оқшаулап, екі минуттан кейін сөндірді.
– Науқастар мен медицина қызметкерлері эвакуацияланып, көрші корпустарға ауыстырылды, олардың арасында зардап шеккендер жоқ, – деді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Жалпы 75 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына алты техника және жеке төтенше жағдай департаментінің құрамның 33 адамы жұмылдырылды.