Екібастұз белсенділері өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығын қуантты
«Біргеміз Екібастұз» еріктілері еркін форматта басқосу ұйымдастырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының белсенді жастарынан құралған еріктілер Екібастұз қаласының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау» орталығының бүлдіршіндерімен кездесу өткізді.
Волонтерлер ассоциациясының жастары аталмыш кездесуде арнайы ұсынған дәмді пиццалар тарту етті.
– Қайырымдылық – бұл елімізге тән дәстүрлердің бірі. Ата-бабаларымыз жақын адамдарға жақсылық жасау ұғымын жақсы түсінсе, қазіргі таңда қайырымдылық әрбір азаматтың борышына айналды, – дейді ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, іс-шара барысында ерікті жастарымыз интеллектуалды ойындар ойнатып, бүлдіршіндердің көңіл күйін көтерді.