Екібастұз мектептері жаңа оқу жылына дайындалуда

Екібастұз мектептері жаңа оқу жылына дайындалуда
Фото: Константин Шелков

Білім беру ордаларында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, биылғы жылы №33 ЖОББМ-де ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтқанда, бірінші қабатты, спорт залын, кабинеттерді, терезе қоршауын ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 

№23 ЖОББМ-де терезе және есік блоктары ауыстырылуда. Өкінішке орай, уақыт бойынша кейбір артта қалулар бар. Осыған орай, авторлық және техникалық қадағалау міндеті қойылды. Мердігер ұйымға шарттық мерзімдерді бұзу туралы хабарлама жіберілді. Дегенмен, мердігерге жаңа оқу жылы басталмай тұрып барлық жұмыстарды аяқтау үшін адамдар санын көбейтуді және қарқынын жеделдетуді тапсырды. 

– Биыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әрбір білім беру нысанын оқу жылы басталар алдында тағы да жеке тексеремін. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес аяқталу сатысында, - дейді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.

Сондай-ақ, кабинеттерді күрделі жөндеу жұмыстары  №11 ЖОББМ-де жүргізілуде. Қазіргі уақытта жалпы жұмыс көлемінің 70% орындалды. Мердігерлік ұйымға мерзімдер бойынша артта қалушылықты болдырмау үшін шұғыл түрде объектідегі адамдардың санын көбейтуді тапсырды.

Ал №14 бөбекжай-бақшасында шатыр жөнделуде. Мердігерге сапаға назар аударып, жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Мұндағы келісім-шарт бойынша шатырды жөндеу ағымдағы айдың ортасында аяқталуы керек.

Сонымен қатар, Зеленая Роща ауылында ұзақ уақыт бойы мектептің жанында жалғастыра салынған үй болды. Ағымдағы жылы демеушіліктің арқасында ескі ғимарат жаңасына ауыстырылады. Мұнда екі кабинет, мұражай және мектеп кітапханасы орналасады.