Екібастұз полицейлері оқушылардың мәселесін зерделеуде
Тәртіп сақшылары қала мектептерінде анонимді сауалнама жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта сауалнама №22 мектептің жоғары сынып оқушылары арасында өткізіліп жатыр. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің күнделікті өмірде кездесетін өмірлік және ықтимал қауіпті жағдайларын анықтау.
– Жиналған мәліметтер оқушыларды толғандыратын өзекті мәселелерді тереңірек түсінуге, сондай-ақ алдағы профилактикалық жұмыстардың бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі полиция қызметкерлері үшін әрдайым басты басымдық болып қала бермек, – деп деді қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Виктория Проценко.
Мұндай сауалнамалар мектеп оқушыларының қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өз мінез-құлқына саналы көзқарас қалыптастыруға және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді. Полиция өкілдері анонимді түрде алынған жауаптар жас буынмен ашық диалог орнатуға септігін тигізеді деп сеніп отыр.