Екібастұзда екі көшенің қиылысы жабылады
 
                                Осыған орай бірнеше қоғамдық көлік жүру бағытын өзгертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, уақытша жолдардың жабылуы суық су құбырының ақауын жөндеуге байланысты болмақ.
- 14 қараша мен 17 қараша аралығында Абай - Сәтбаев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты N2,7 бағыттағы автобус маршруттары Әуезов көшесімен қатынайды және одан әрі маршрут бойынша.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
         
         
    
             
    
             
    
             
         
    
 
    
 
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
