Екібастұздағы Әділет министрімен кездесу уақыты өзгертілді
Кездесу музыка мектебінде өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының және Павлодар облысының тұрғындары Әділет министрі Азамат Есқараевпен жеке мәселелері бойынша қабылдауға қатыса алады.
20 шілдеде сағат 17:00-де министр халықпен кездесіп, көкейтесті сұрақтарына жауап береді. Ал сағат 18:00-де тұрғындар жеке қабылдауға кіре алады.
Министрмен кездесу Екібастұз қаласының «Естай атындағы балалар музыка мектебі» ғимаратында, яғни, Әуезов көшесі, 55/1 мекенжайында өтеді.
Жеке қабылдауға өтініштер 19-шілде сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Қабылдауға жазылу үшін Павлодар облысы Әділет департаментінің мына телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: 32-62-70, 8-705-178-19-77