Екібастұздағы мектеп бассейнінің құрылысы аяқталуда

Екібастұздағы мектеп бассейнінің құрылысы аяқталуда
Фото: Константин Шелков

Қала әкімі бұл құрлысты өз бақылауында ұстауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бассейнді қайта жаңарту жұмыстары облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен басталған болатын. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталуда. Авторлық және техникалық қадағалау органдары тарапынан жасалған шамалы ескертулер бар, мердігер оларды бір апта ішінде қалпына келтіреді.

Бассейн мүгедектерге толығымен бейімделіп, сол үшін қажетті жабдықтар сатып алынғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, душ кабиналары, санитарлық торап және есік ойықтары да бейімделген. Қайта жаңарту барысында ішкі инженерлік желілер ауыстырылды.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин мердігерге барлық дайындық жұмыстарын 25 тамызға дейін аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, биыл № 17 мектепте 152 терезе ауыстырылды. Қазіргі уақытта жұмыс 100 пайызға аяқталды.