Екібастұзда 20-дан астам білім беру мекемесінде жөндеу жүргізілуде

Қала әкімі Аян Бейсекин білім беру объектілеріндегі жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ағымдағы жылы әлеуметтік білім беру нысандарын жаңғырту аясында жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз. Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауының арқасында бірден 22 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – дейді Екібастұз қаласының әкімі.
Жұмыстар бекітілген құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Мердігерлік ұйымдарға, авторлық және техникалық қадағалау ұйымдарына барлық жұмыстарды сапалы және уақтылы аяқтау міндеттелді.