Екібастұзда екі күнге ыстық су өшіріледі
Кеншілер қаласында гидравликалық сынақтардың төртінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«109» қызметінің мәліметінше, 10 маусымда №№ 2, 3, 4, 6, 11, 16 жылу магистральдарында гидравликалық сынақтар жүргізіледі. 11 маусымда коммуналдық қызметтер № 13, 14, 15, 16 жылу магистральдарының беріктігі мен тығыздығын тексереді. Осыған байланысты 10-11 маусымда қала бойынша ыстық су болмайды.
Коммуналдық қызметтер қала тұрғындарынан жылу жүйелерінің екпінін болдырмау үшін № 1 және 2 ысырмаларды жабуды, сондай-ақ бекіткіштерді орнатуды сұрайды.
– Аталған шаралардың орындалмауы мүліктің бүлінуіне, жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін, – деп ескертеді «109» қызметінде.
Құбырдың зақымдалған учаскелері жөнделгеннен кейін ыстық қайта су беріледі.