Екібастұзда еріктілер жоғалып кеткен әйелді екінші тәулік бойы іздестіруде

Екібастұзда еріктілер жоғалып кеткен әйелді екінші тәулік бойы іздестіруде
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оны екі қаланың еріктілері іздеуге кірісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«VITA» еріктілер жасағының мәлімдеуінше, 28 наурызда таңғы сағат 5 шамасында 40 жастағы Қырмызы Сарбасова Ломоносов көшесі бойында орналасқан үйден белгісіз бағытта шығып, жоғалып кетті. Жоғалып кеткен күннен бұрын әйел Павлодар қаласынан Екібастұзға әкесінің үйіне дейін келген болатын. Еріктілер мекенжайындағы тұратын туысқандарды сұрастырып, жанындағы дүкендердің камераларын қарады, алайда бейнежазбаға Қырмызы түспеген.

Ол Павлодарға қайтып оралуы мүмкін деген күдікпен біз вокзалды да тексердік. Бүкіл жерден іздеп жатырмыз,– деді еріктілер.

Қырмызы Сарбасованың бойы 150-150 сантиметр, көзі қоңыр, шашы қара түсті. Үстінде ақ курткасы, спорт киімі, көк бас киімі, қызыл кроссовки бар.

Еріктілер Қырмызыны біреу көрген болса немесе ол туралы ақпаратты білсе келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8 (778) 295-97-55 Самал, 8 (747) 615-55-63 Катерина.