Екібастұзда гараж өртенді

Екібастұзда гараж өртенді
Фото: pexels.com

Өрт сөндірушілер ықтимал жарылыстың алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 қазанда сағат 02:49-да «112» операторының пультіне Екібастұз қаласының гараж қоғамдарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өртті жедел түрде жойды. 

– Гараждың ішінде заттар мен резеңке дөңгелектері жанған. Өртті сөндіру кезінде өрт сөндірушілер үй-жайдан 50 және 70 литрлік екі газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды, – деді департаментте.

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттері өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол берілмеді.