Екібастұзда Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған қойылым көрерменге жол тартты
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған "Ақынның жолы" спектаклі "Өнер" ҚМҮ сахнасында қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жобаның авторы және режиссері "Step-fo" актрисасы әрі 10 сынып оқушысы Таисия Буторина. Ал шараның ұйымдастырушысы Оксана Буторина жетекшілік ететін "Step-fo" өнер аумағы" би ұжымы да қойылымда бой көрсетті.
"Біз "Persons" жобасын бірінші жыл сахналап отырған жоқпыз. Би арқылы Қазақстанның дара тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын көрсетеміз. Бұл жоба бүгінгі ұрпаққа олардың еңбектерінің қаншалықты маңызды әрі құнды екенін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев қазақтардың бостандығы үшін өз өмірін құрбан етті. Оның поэзиясы туған жеріне, халқына және өміріне деген сүйіспеншілікке толы", - деді Таисия Буторина.
Мағжан Жұмабаевтың рөлін "Серпантин" спорттық би клубының түлегі Дильшат Айғозин, ал ақынның әйелін Камила Газизулина сомдады.
Би спектакліне "Назык", "Грация", "Джуманджи" және "Тұмар" би ансамбльдерінен 50 өнерпаз қатысты.