Екібастұзда Жастар күніне орай жол қозғалысы уақытша шектеледі

Екібастұзда Жастар күніне орай жол қозғалысы уақытша шектеледі
Константин Шелковтың фотосы

Мәшһүр Жүсіп көшесімен Торайғыров көшесі және Әуезов көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысына жабылады, – деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің хабарлауынша, 12 тамыз күні «Ekibastuz – fest!»  мерекелік іс-шарасы өтеді. Соған байланысты сағат 17:00-ден бастап іс-шаралар аяқталғанға дейін Мәшһүр Жүсіп көшесінен басталып, Торайғыров көшесінен Әуезов көшесіне дейінгі бөлігі көлік қозғалысына жабылады.

–  Бұл уақытта қоғамдық көліктердің бағыты өзгереді – автобустар Бауыржан Момышұлы көшесімен қатынайды, – деді бөлімде.

Бөлім қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарынан сапарларын алдын ала жоспарлап, жол жүру ережелерін сақтауды сұрайды.