Екібастұздық футболшы ата-баба жерінде «өсті»
Өткен жылы ол туған жерінің клубында ойнады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
20 жасар шабуылшы Арман Варданян Арменияның жоғарғы дивизионы – Премьер-лигада ойнайтын «Гандзасар» сапына қосылды. Өткен жылы Арман Варданян Қазақстанның Бірінші лигасында «Екібастұз» үшін 19 ойын өткізіп, екі гол соқты.
Оған дейін шабуылшы «Астананың» жастар құрамасында да ойнаған.
Оның жаңа командасы қазіргі уақытта Армения чемпионатында сегізінші орында. Премьер-лигада он команда бақ сынайды. Турнир күз-көктем жүйесі бойынша өтеді.