Екібастұздық кәсіпкерлер «Ауыл аманаты»-ның көмегімен наубайхана ашты

Екібастұздық кәсіпкерлер «Ауыл аманаты»-ның көмегімен наубайхана ашты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар көрші ауылдардың тұрғындарын нан, багет, тоқаш, бургерлермен қамтамасыз етіп отыруды көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин «Ауыл аманаты» бағдарламасының қолдауымен ашылған Солнечный кентіндегі наубайханасына барды.

Кәсіпкер Әсемгүл Сағнаева жобаны іске асыру үшін 2,5 пайызбен 27 миллион теңгеден астам мөлшерде несие алды. Бұл нан-тоқаш өнімдерін пісіретін цехты жабдықтауға әрі балалардың ойын бұрышын ашуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта наубайхана күніне 150-200, ал айына 4500-ге жуық нан дайындап, оны Солнечный кентінде ғана емес, сондай-ақ аптасына екі рет Ақкөл және Зеленая роща ауылдарының дүкендерінде өткізуде. Нанды 110 теңгеден сатады.

Шідерті кентінде де «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша «Иртыш» наубайханасы ашылды.

Кәсіпкер Артем Таратонов қазір наубайхананың жобалық қуаты күніне 200 нанға дейін, ал айына бұл көрсеткіш 9000-ға дейін жететінін айтты.

Наубайхана жанынан жабдықталған дүкенде нан өнімдерінің 14 түрі сатылады. Ауыл тұрғындары арасында сұраныстың болуына байланысты кәсіпкердің нан салу көлемін кеңейту жоспары бар. Осы жобаны іске асыру үшін 2,5 пайызбен 9 миллион теңге сомасында несие алынды.

2025 жылы Екібастұз өңірі бойынша 139 миллион теңге сомасына 13 жоба мақұлданды, тағы 5 жоба қарастырылуда.