Екібастұздық жігіттерді әскери өмірмен танысуға шақырады
Бұл жастардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру, әскери қызметтің беделін көтеру мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласының жастар бастамаларын дамыту орталығы «Әскердегі бір күн» акциясын өткізуді жоспарлайды.
– Егер әскери өмірмен жақынырық танысып, сарбаздардың саптық даярлығын тамашалап, жауынгерлердің алаңдағы ұрыс пен қару пайдалана білу әдістерін үйренгіңіз келсе, «Әскердегі бір күн» акциясына қатысуға шақырамыз,– делінген хабарламада.
Өтінімдер 20 мамырға дейін қабылданады. Қосымша сұрақтарды 8 (705) 198- 72-78 нөмірі бойынша қоюға болады.