Екібастұздық жас палуандар Шешенстаннан жүлдемен оралды

Екібастұздық жас палуандар Шешенстаннан жүлдемен оралды

Мейрамбек Сансызбаев пен Данил Степанюк күмістен алқа тақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Екібастұз қаласы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мәлімдеді. 

- Қазіргі уақытта еркін күрес бөлімшесінің тәрбиеленушлері Грозный қаласында оқытушы-жаттықтырушысы Абылай Сандыбайұлымен оқу-жаттығу жиынында өз біліктіліктерін арттыруда. Тәрбиеленушілеріміз 5 қараша күні Грозный қаласында өткен еркін күрестен халық бірлігі күніне арналған Шешенстан Республикасының ашық біріншілігіне қатысып, бақтарын сынап көрді, - делінген хабарламада.

Әлемнің әр түкпірінен жиналған сайысқа 260 спортшы қатысты. Солардың ішінен спорт мектебінің оқушылары озып шығып, 57 келі салмақта белдескен Мейрамбек Сансызбаев және 68 келі салмақта Данил Степанюк ІІ орынды иеленді.