Екібастұздықтарды мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге шақырады

Екібастұздықтарды мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге шақырады
Фото: pixabay.com

Қайырымдылық акциясы 17 наурыздан 15 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес Екібастұз қаласында «Қамқорлық» қайырымдылық айлығы жүруде.

Іс-шараға қатысуға барлық қала тұрғындары, меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдар, меценаттар, оқу орындары, жастар бірлестіктері, еріктілер және басқа да қоғамдық ұйымдар шақырылады.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын мүгедектерге, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, зейнетақысы төмен зейнеткерлерге, жетім балаларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясын өткізуге үндейді.