Екібастұздың көпқабатты үйлері жылу маусымына дайын ба?

Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қаладағы барлық 705 көпқабатты тұрғын үйдің 620-сында қабылдау-тапсыру жұмыстары толық аяқталған. Қалған үйлерде ішкі инженерлік желілерді дайындау жұмыстары жалғасуда, – деп жазды Аян Бейсекин әлеуметтік желіде.
Әкімнің айтуынша, барлық дайындық жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жекелеген үйлерді өзі барып тексеретінін атап өтті.
Аян Бейсекин бұл жұмыстардағы үй тұрғындары мен басқару органдарының жауапкершілігін, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен пайдаланушы ұйымдар арасындағы сапалы салааралық өзара іс-қимылды ерекше атап өтті.
Жылу маусымына дайындық жұмыстары облыс әкімі Асайын Байхановтың және қала әкімінің тұрақты бақылауында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram