Екібастұз 2- МАЭС бюджетке 640 миллионнан астам салықты төлеуге міндеттелді
Салықтың сомасы толықтай өнідірлді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының прокуратурасы жүргізген тексеріспен Екібастұз 2-МАЭС бюджетке 640 миллион теңгеден астам салықты төлеу жөніндегі міндеттерін орындамау фактісі анықталды.
– Қадағалау актісі бойынша салық төлеушіге қатысты тиісті өндіру шаралары қабылданып, нәтижесінде 2-МАЭС-пен жоғарыда көрсетілген КТС сомасы бюджетке төленді,– делінген хабарламада.
Прокуратурада аталмыш бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.