Екібастұз аймағында жол жабық

Екібастұз аймағында жол жабық
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған ауа райының күрт нашарлауы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпан күні сағат 19:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожол учаскесінде Шідерті кентінен Ақмола облысы шекарасына дейін барлық түрлеріне жол жабық.

Қазгидромет деректеріне сәйкес қатты жел мен төменгі боран салдарынан жолдың шектеулі көрінуі байқалады.