Екібастұзда екі көшенің қиылысы жабылады

Екібастұзда екі көшенің қиылысы жабылады

Осыған орай бірнеше қоғамдық көлік жүру бағытын өзгертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық 109 бірыңғай байланыс орталығының мәлімдеуінше, уақытша жолдардың жабылуы суық су құбырының ақауын жөндеуге байланысты болмақ. 

- 14 қараша мен 17 қараша аралығында Абай - Сәтбаев көшелерінің қиылысы уақытша жабылады, - делінген хабарламада. 

Осыған байланысты N2,7 бағыттағы автобус маршруттары Әуезов көшесімен қатынайды және одан әрі маршрут бойынша.