20 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады

20 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +11...+16°C болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз ауа температурасы +16...+21°C. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батыста, оңтүстікте және орталықта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі ықтимал.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +13...+15°C болады. Күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз сынап бағаны +18...+20°C дейін көтеріледі. Күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.