Павлодарда өрт шыққан қамыс пен құрғақ шөпті алты сағат сөндірді
Өртті сөндіру жер бедеріне байланысты қиындаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Авто ХҚКО маңындағы өрт сөндірілді. Өрт екі бөлек аумақта шыққан. Бірақ батпақты жер оған төтеп беруге мүмкіндік бермеген.
- Жалпы аумағы 30 гектарды құрайтын қамыс өртенді. Өрт павлодарлық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің аумағына – Жаңаауыл орман шаруашылығына да таралды. Үш гектар алқаптағы орманда құрғақ шөп пен қарағаш өртенді, - деді баспасөз қызметінде.
Өрт туралы хабар 30 сәуір күні сағат 18:26-да түскен. Жалынмен 35 адам күрескен, оның 20-сы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері. Тоғыз автоцистерна пайдаланылды. Өрт 1 мамыр күні сағат 01:01-де толығымен сөндірілді.
Фото: ашық дереккөздерден