Қызылорда – Павлодар тас жолы учаскесі жабылды
Көліктің барлық түрлеріне шектеулер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 сәуірде ауа райының нашарлауына байланысты тағы бір республикалық трасса жабылды. Қардың көп түсуіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар автожолында Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі қозғалыс жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін, Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін және Баянауыл ауылынан Қарағанды облысының шекарасына дейінгі республикалық автожолдардың учаскелері жабылған болатын.
Константин Шелков