Екібастұзда тоғыз жасар шахматшы Қырғызстаннан жүлдемен оралды
Шахматтан Батыс Азия чемпионаты Қырғызстанның Корумду ауылында өтті, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«Chess King» шахмат клубының жаттықтырушысы Асқар Сәкеновтың айтуынша, жарыста 180 қатысушы бақ сынады. Додаға Қырғызстан, Непал, Қазақстан, Өзбекстан, Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістан, Мальдив аралдарынан 180 жас спортшы қатысты. Рапид бойынша екібастұздық спортшы Әлия Жұмабаева жүлделі 3-орынға ие болды.
– Әлияның жасы тоғызда. Бүгінгі таңда «Chess King» шахмат клубында жаттығады. Спорттың бұл түрімен айналысып келе жатқанына бес жыл болды. Ең мықты қарсыластардың бірі үндістандық спортшылар болды, – дейді Асқар Сәкенов.
Айта кету керек, спортшы 2022 жылы Мальдив аралдарында өткен Батыс Азия чемпионатының абсалютті чемпионы, Қазақстан чемпионатының абсалютті жеңімпазы, Грузияда өткен Әлем чемпионатының жүлделі 4-орын иегері.