Павлодарлық ару классикалық және жабдықты стендтік престен ел чемпионы атанды
Дода Астана қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Марғұлан университетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Ксения Окатенко мен ДШжС-12 тобының студенті Олеся Жиляева классикалық және жабдықты стендтік престен Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.
4-10 наурыз аралығында Астана қаласында өткен Қазақстан чемпионатына барлық облыстардан 500-ден астам спортшы қатысты.
Ксения Окатенконың айтуынша, Қазақстан чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Олеся Жиляева 57 келі салмақта, ал Ксения Окатенко 84 келі салмақта сынға түсті. Қарсыластар өте күшті болды, бірақ ең қиын күресте олар жеңіске жетті.
Спортшыларды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары ағайынды Прокопенко Иван Валерьевич пен Андрей Валерьевич дайындайды.