Екібастұзда жұмысшының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Ер адам ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Екібастұз қаласының полиция басқармасы еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, 7 қарашада сағат 03.00-де ЖШС жүргізушісі разрездің ЖШС аумағында «Daimler Chrysler» маркалы автомашинаны тексеру кезінде автокөліктің кабинасы басып қалған.