Екібастұздық математик көршілес елдердің білімпаздарынан асып түсті

Екі ірі олимпиадада облыс намысын алты оқушы қорғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебі базасында математика пәнінен XXXVII Азия-Тынық мұхиты және XXIV «Жібек жолы» халықаралық олимпиадалары өтті.
Олимпиаданың форматы: әр мемлекет дербес қашықтан қатысты.
Олимпиадалар математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізілді.
Азия-Тынық мұхиты халакаралық олимпиадасына 38 ел қатысты: Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және басқа да мемлекеттер бар.
Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және т. б. елдер қатысты.
Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінен 120-дан астам оқушы бақ сынайды.
Павлодар облысының атынан дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің, «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің және Екібастұз қаласы №35 мектеп-гимназиясының 6 оқушыдан кұралған командасы қатысты.
Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасының қорытындысы бойынша ІІІ дәрежелі дипломымен дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Юрий Шубладзе марапатталды.