Екібастұздықтар алып қызғалдақты жасады

Екібастұздықтар алып қызғалдақты жасады
Фото: pixabay.com

Оқушылар мен оның мұғалімдері 16 мың қызғалдақты өз қолдарымен істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұзда мектеп педагогтары мен оқушылары ұйымдастырған «Наурыз – шешеκ» ауқымды челленджін өткізді.

–  Көктемнің ұлы мерекесі – Наурыз қарсаңында олар табиғаттың жаңаруы, сұлулық пен бірліктің символы ретінде өз қолдарымен 16 000 қызғалдақ жасады. Бұл қызғалдақтар «Білім ауылы» қонақтарына тарту етіледі. Бұл күн әр шаңыраққа бақыт, бейбітшілік пен молшылық әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! – деді ұйымдастырушылар.

Челленджге қатысқандар әр гүлді алып, үлкен қызғалдақ пішінін жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОБРАЗОВАНИЕ | ЭКИБАСТУЗ (@bilim_ekibastuz)