Екібастұздықтарды бір шақырым қашықтықты жүгіріп өтуге шақырады

Екібастұздықтарды бір шақырым қашықтықты жүгіріп өтуге шақырады
Фото: pexels.com

Кеншілер шаһарында салауатты өмір салты бойынша фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

14 маусымда сағат 11:00-де халықаралық нашақорлықпен және олардың заңсыз айналымымен күрес күніне орайластырылған айлықты өткізу аясында «Болашақты сақта! Іс-шараға қатыс!» атты фестиваль өтеді. 

– Жастар жеңіл атлетикалық жарысқа қатыса алады. Старт М. Әуезов көшесіндегі «Өнер» қалалық мәдениет сарайынан М. Әуезов көшесі – Абай көшелерінің қиылысына дейін және кері бағытта өтеді,– делінген хабарламада. 

Екібастұз колледждерінің студенттері есірткі және психотроптық заттарды қабылдамау үшін тұрақты сананы қалыптастыруға бағытталған тақырыптық квест-ойынын өткізеді. Шара спорттық флешмобпен аяқталады. 

– Ойынға қатысушылар командаларға бөлінеді. Олардың әрқайсысы шартты станциялардан өтуі керек. Қатысушылар темекі шегудің, алкоголь мен есірткіні қолданудың жағымсыз әсерлері туралы ақпаратпен бөліседі,– делінген хабарламада. 

Айта кетейік, фестиваль облыстық білім беру, полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармадардың қолдауымен және Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізіледі.