Екібастұзға есірткіге қарсы мобильді орталық келді

Екібастұзға есірткіге қарсы мобильді орталық келді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Өнер» орталығында жастардың денсаулық және құқықтық сауаттылығын арттыруға негізделген көшпелі жұмыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Оған түрлі саладан сегіз маман қатысты. Жастар арасында ЖИТС және АИТВ белгілерін анықтау үшін тест ұйымдастырылды. Тестілеуге 100-ден астам адам қатысып, өз денсаулықтарына қатысты мәлімет алды.

Сондай-ақ «Мүмкіндіктер алаңы» консультациясы өткізілді, 600-ге жуық адам өз сұрақтарын қойып, жауаптарын  алды. 

«Есірткіге жол жоқ» атты жастармен мотивациялық кездесуде облыстық полиция департаменті, Екібастұз қаласы прокуратурасы және полиция басқармасының өкілдері қатысты. Мамандар жастарды есірткілерден аулақ болуға, өз денсаулықтарына қамқор болуға шақырды, – дейді жастар орталығында.

Шара соңында «Закладка»  атты деректі фильм көрсетілді.