Елордалық баскетболшылар Павлодарға келді
Екі матчтық текетірестің бірінші бөлігі аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда №2 спорт мектебінің алаңында ерлер арасындағы Ұлттық лига аясында жергілікті «Ертіс» пен «Астана» арасында матч өтті. Ойын павлодарлықтар үшін қиынға соқты, қанша тырысқанымен алаң иелеріне қарсыластарын қуып жетуге сәл ғана сәттілік жетіспеді. Мейрамбек Шамұратов нәтижелі ойнап, 21 ұпай жинады.
Бірінші ширек 20:15, екіншісі 22:19 «Астананың» пайдасына аяқталды. Тек үшінші ширекте ғана қонақтар өз басымдықтарын айтарлықтай арттыра алды. Нәтижесінде таблода 89:66 сандары жағылып, жеңіс «Астананың» қоржынында қалды. Бұл павлодарлықтардың тоғызыншы жеңілісі, команда турнирлік кестенің соңғы сатысында келе жатыр.
Командалар арасындағы екінші кездесу 2 желтоқсанда өтеді. Кездесу сағат 17.00-де №2 спорт мектебінің (бұрынғы СК «Автомобилист» спорт кешені) алаңында басталады. Командаға павлодарлық жанкүйерлердің қолдауы қажет.