Елімізде Атырау облысының тұрғындары етті көп жейді
Қазақстанда ет және ет өнімдерін тұтыну 4% көбейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, биыл қаңтар-қыркүйекте ҚР-да ірі қараның, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқы мен жылқы тектестердің 57,4 мың тонна жаңа сойылған немесе салқындатылған еті өндірілді, бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,4% артық.
Ет өндірісі бойынша Қостанай облысы көш бастайды: 10,1 мың тонна, бір жылда 26% көбейген. Үздік үштікке Солтүстік Қазақстан (8 мың тонна, 21,9% көбейген) және Ақтөбе (7,8 мың тонна, 3,5% көбейген) облыстары да кірді.
Толық 2022 жылы елде 73,1 мың тонна ет өндірілді, – бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4% артық.
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша, республикада 9,2 млн бас ірі қара болды, бұл – былтырғыдан 2,9% көп. Оның 4,8 млн басы – сиыр, көрсеткіш бір жылда 4,9% көбейген. Сондай-ақ жылқы (8,2%, 4,1 млн басқа дейін), түйе (5%, 278,6 мың басқа дейін), қой (4,2%, 21,8 млн басқа дейін) және құс (4,2%, 52,1 млн басқа дейін) көбейді. Ешкі 3,5%, 2,4 млн басқа дейін, шошқа 2%, 832 мың басқа дейін азайды.
Жалпы, шаруашылықтарда тірі салмақта 1,5 мың тонна (бір жылда 4,9% көбейген), сойылғандағы салмақта 891,1 тонна (5,2% көбейген) мал мен құс сойылды немесе союға сатылды. Сондай-ақ фермерлер 5,2 млн тонна сиыр сүтін (2,7% көбейген) және 3,8 млрд тауық жұмыртқасын (1,9% азайған) алды.
Биыл екінші тоқсанда ҚР-да ет және ет өнімдерін тұтыну бір адамға орта есеппен 19,7 кило болды — былтырғыдан 3,5% көп.
Қазақстандықтар сиыр етін ең көп тұтынды: бір тоқсанда 6,1 кило, жылдық өсім 7,8%. Екінші және үшінші орындарды жылқы еті (1,4 кило, 9,2% көбейген) және қой еті (1,4 кило, 2,1% азайған) иеленді.
Ет өнімдерінің ішінде қазақстандықтар көбіне тартылған етті (бір адамға орташа есеппен 1,8 кило), жартылай ысталған шұжықты (988 грамм), қайнатылған шұжықты (663 грамм), сосиска және сарделька (533 грамм), сондай-ақ сиырдың бауырын ( 185 грамм) тұтынады.
Елімізде ет пен ет өнімдерін Атырау облысының тұрғындары көп жейді. Екінші және үшінші орындарда Ақмола мен Маңғыстау облыстары.
Биыл екінші тоқсанда ҚР-да ет және ет өнімдерін тұтыну бір адамға орта есеппен 19,7 кило болды былтырғыдан 3,5% көп.