«Ертіс» Қазақстанның ең биік шыңын бағындырмақ

Команда құрамын жаңарту үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ертістің» жаңа бас бапкері Ринат Әлеуетов командамен бірге Бірінші лиганың ұтып, Премьер-лигаға жолдама алуды көздеп отыр. Бұл мәселені шешу үшін «Ертіс» құрамды белсенді түрде жаңартып жатыр. Арман Кеңесов, Әбинұр Нұрымбет, Темірлан Төребек «ақ-көктердің» сапында алғашқы кездесулерін өткізіп үлгерді, тараздық 22 жастағы қорғаушы Асқар Сатышевпен келісімшартқа қол жеткізілді.
4 шілдеде команда Алматыда «Хан Тәңірімен» сырт алаңда матч өткізеді. Клуб Қазақстанның ең биік нүктесі болып табылатын осы аттас тау шыңының құрметіне аталған. Команда өткен маусымды бесінші орында аяқтаса, биыл алматылықтар аяқалысы былтырғыдан нашар. Қазақстан Премьер-лигасына шығуды мақсат еткен клубтан «Хан Тәңірі» бірте-бірте «Қайраттың» жастарын баптайтын алматылықтардың фарм-клубына айналуда.
Алматылық команданың көшбасшы ойыншылары – Артем Литош пен Әлішер Рахымжанов – отандық футбол флагманының түлектері. Соңғысы – төрт гол соққан команданың үздік бомбардирі, біріншісі – ең маңызды шабуылдаушы ойыншы. 20 жастағы Артем Литош шабуылдарды ұйымдастыруда да, шабуылдарды аяқтауда да мықты. Форвард физикалық, техникалық жағынан күшті, ойынымен Димитар Бербатовты немесе Деннис Бергкампты еске түсіреді.
Алдыңғы турда «Хан Тәңірі» өз алаңында көтерілуге тағы бір үміткер – Өскеменнің «Алтайына» минималды есеппен ұтылып қалды. Команда өте тұрақсыз, бірақ көз тоятындай ойнайды: көп гол соғып, көп гол жіберіп алады. Сондықтан, «Ертіс» пен «Хан Тәңірі» арасындағы кездесу бейтарап жанкүйер үшін де қызық болатыны анық.
Павлодарлықтар «Каспиймен» арадағы ұпай айырмашылығын қысқарту керек және сондықтан бес дүркін чемпиондар үшін әр кездесу финалға айналады. Ойынды Қазақстан кәсіби футбол лигасының ресми YouTube арнасынан көруге болады. Басталуы сағат 17.00-де.