Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда

Ертіс өзеніне батып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарушылар өзеннің 35 шақырым жағалау аумағын тексеріп, 18 рет нүктелік сүңгу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайдар департаментінің мәлімдеуінше, оқиға туралы хабарлама 12 қыркүйекте «112» пультіне келіп түскен. Ертіс өзенінде бес адам болған қайық суға батып кеткен. Олардың төртеуі өздігінен жағаға шыққан. Ал 1983 жылы туған ер адам суға батып кеткен. Қазіргі уақытта оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінен бес қызметкер жұмылдырылған. Олар екі қайықпен шығып, екі эхолоттың көмегімен өзен аумағын тексеруде.

Құтқарушыларға қала тұрғындарынан құралған алты адам көмекке келген. Олар іздеу жұмыстарына үш эхолотпен қатысып жатыр.