Ертіс ауданындағы Ұзынсу ауылына да қарғын су қауіп төндірді
Төтенше жағдай салдарына «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» автожолында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазавтожолдың мәлімдеуінше, 3 сәуір күні сағат 06:00 шамасында Ертіс ауданы Ұзынсу ауылына су тасқыны қаупі төнуі салдарынан жергілікті атқарушы органның шешімімен республикалық маңызы бар «Атамекен-Ертіс-Русская поляна» автожолының 207 шақырымында еріген қар суын өткізу үшін жол учаскесін бұзу жұмыстары жүргізілді.
- Панфилов ауылынан РФ шекарасына дейінгі 194-263 шақырым аралығында көлік құралының барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы бақылау орнатылды, - делінген хабарламада.
Аталмыш учаскеде 9 бірлік техника жұмыс істеуде.