Ертіс ауданының шаруаларына жаңа автокөліктер сыйға берілді

Ертіс ауданының шаруаларына жаңа автокөліктер сыйға берілді
Фото: Абай Искаковтың жеке мұрағатынан

Жалпы 12 жаңа көліктің кілті табыс етілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл шара – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына деген құрметтің көрінісі.

Өңірдің дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін «Замандас» шаруа қожалығының агрономы, ең жас мамандардың бірі Дәулет Бакишев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі «Нұрас» шаруа қожалығының басшысы Жеңіс Канапьянов пен «Муталяб» қожалығының механизаторы Владимир Шрейдерге табысталды. «Смағұл» қожалығының механизаторы Қалқаман Кенжебаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бірқатар шаруашылық басшылары ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан механизаторлар, жүргізушілер және бригадирлерге 12 жаңа автокөліктің кілтін ұсынды. «Замандас» және «Данат» қожалықтары екі көліктен, «Нива», «Мендеш» және «Смағұл» бір-бір көліктен берген.

Ал «Абай» ЖШС өз қызметкерлеріне бес бірдей автокөлік сыйлады.

– Шаруашылықтың табысы – күн сайын алқапта еңбек ететін адамдардың кәсібилігі мен жанкештілігінің нәтижесі. Кез келген өндірістің жетістігі ең алдымен адам еңбегіне байланысты, – деді «Абай» ЖШС басшысы Николай Миллер.

Агроөнеркәсіп саласында көзге түскен мамандарға аудан әкімі Нығман Жүсіповтің Құрмет грамоталары табыс етілді.

Еске сала кетейік, «Абай» ЖШС бригадирі Абай Искаков жаңа Lada Granta автокөлігінің иегері атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нығман Жусупов (@nygman_zhusupov)