Ертең Павлодарда кешке дейін жарық болмайды

Ертең Павлодарда кешке дейін жарық болмайды

Электр қуатынан бірқатар мекеме мен тұрғын үй ажыратылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, 18 шілдеде сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жарық болмайды.

Электр қуаты мына  мекенжайлар бойынша болмайтынын ескертеміз:

• Жеңіс алаңы, 13 (№ 7 ЖОМ)

• Жеңіс алаңы, 15 (Ішкі саясат департаменті)

• Ак. Бектұров көшесі, 62/1 (Павлодар облысының мемлекеттік мұрағаты)

• Ак. Бектұров көшесі, 62/2 (ЖК Сыздыкова)

• Бекмаханов көшесі, 39 (Нока дүкені)

• Естай көшесі, 56/1 (Неврологиялық орталық)

• Ак. Марғұлан көшесі, 91 (Павлодар көркем – сурет колледжі)

Сонымен қатар, Лесозавод, Хромзаводтағы тұрғын үйлерде жарық болмайды.