Ертең «Open Pavlodar» жұмыс істемейді

Ертең «Open Pavlodar» жұмыс істемейді

Павлодарлықтар фронт-офис қызметін келесі жұмыс күні ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 14 маусым күні «Open Pavlodar» сервистік әкімдігі апаттық жағдайға байланысты су тоқтағандықтан жұмыс істемейді.

- «Open Pavlodar» фронт-офисінің қызмет көрсету мәселелері бойынша «электрондық үкімет» порталы арқылы немесе келесі жұмыс күні 15 маусымда байланысқа шығуға болады, - делінген хабарламада.

ХҚКО-ның қызмет көрсету мәселелері бойынша Луговая көшесі, 16, Павлов көшесі, 48 мекенжайындағы ХҚКО-ға хабарласуға болады.