«Ertis Media» 2026 жылғы жарияланым тарифтерін жариялады

«Ertis Media» 2026 жылғы жарияланым тарифтерін жариялады
Фото: Константин Шелков

Бағалар сайлауалды үгіт материалдарына қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңнамаға сәйкес, Кенжекөл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар өздерінің үгіт материалдарын «Ertis Media» ЖШС холдингіне қарасты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыра алады.

Облыстық «Saryarqa samaly», «Звезда Прииртышья» газеттерінде бірінші бетті түрлі-түсті форматта орналастыру құны бір шаршы сантиметр үшін 381 теңгені құрайды. Соңғы бет (түрлі-түсті) – 333 теңге, екінші бет (түрлі-түсті) – 285 теңге, журналистік материал – 238 теңге, жарнамалық материал – 191 теңге. Қазақ және орыс тілдеріндегі баспа басылымдарына арналған модульдерді дайындау құны – 20 мың теңге.

Баспа басылымдарындағы қазақ және орыс тілдеріндегі модульдерді орналастыру бағасы оның беттегі орналасуына байланысты есептеледі. Журналист еңбегінің құны – 10 пайыз.

Кенжекөл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың «Halyq radiosy» радиосында үгіт материалдарын дайындау, эфирге шығару және аудиороликтерін орналастыру құны – таңғы эфирде (7:50-8:00 және 11:50-12:00), күндізгі эфирде (14:50-15:00 және 16:50-17:00), кешкі эфирде (17:50-18:00 және 20:50-21:00) бір секунд үшін 125 теңге.

Ұзақтығы төрт минутқа дейінгі ақпараттық ролик дайындау – 10 мың теңге, бір минуттық эфир уақыты – 7500 теңге. Pavlodarnews.kz АА жаңалықтар лентасында сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны материалдың орналасуына, санатына және журналистік жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді:

* PR-мақалаларды жаңалықтар лентасында орналастыру, басты беттегі соңғы жаңалықтар бөлімінде материалды төмен қарай жылжыту арқылы шығару – 60 мың теңге;

* бір тәулікке басты бетке ірі форматта фото шығару – 11 мың теңге;

* 10 фотосуреттен және 500-ден 3500 таңбаға дейінгі мәтіннен тұратын фоторепортаж – 33 мың теңге;

* фотоқосымшасы бар мақалалар, арнайы жобалар, сұхбаттар (сайттың төменгі бөлігінде) – 3-8 мың таңба, бес фотоға дейін, материалды дайындау, орналастыру, дайын видеоны жариялау – 45 мың теңге;

* мақалаға немесе репортажға қосымша бір фото орналастыру – 550 теңге;

* мәтін дайындау – бос орынсыз бір таңбаға 5 теңге;

* Instagram желісіне фотопост орналастыру – 10 мың теңге, видео – 8 мың теңге, сториске фото орналастыру – 4 мың теңге, 15 секундтық видео сторис – 5 мың теңге;

* агенттік аккаунттарында «Одноклассники», «TikTok», «Telegram» әлеуметтік желілерінде материал орналастыру – 4 мың теңге.

Кенжекөл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт-насихат бейнематериалдарын дайындау бағасы:

* видеооператор қызметі (бір ауысым) – 40 мың теңге;

* ақпараттық бейнеролик дайындау (түсірілім + дыбыстау + графикалық дизайн + 4K форматында монтаж, ұзақтығы – 1 минут) – 200 мың теңге;

* мобилограф қызметі (бейнетүсірілім + телефон арқылы тік форматта түсіру), есептік видеолар, жарнамалық видеолар, Instagram үшін видеолар (Reels, Stories форматтары), ұзақтығы – 1 минут – 40 мың теңге;

* ұзақтығы 10 минуттан асатын деректі фильмдер дайындау – 400 мың теңге.

Барлық баға ҚҚС-ты есепке ала отырып көрсетілген.