«Ertis Promenade» маусымының жабылуына кімдер келеді?

«Ertis Promenade» маусымының жабылуына кімдер келеді?
Фото: Ольга Бугаева

Соңғы концерт жұма күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, 4 қазанда кешкі сағат 19:00-де басты сахнада «Ertis Promenade» маусымының жабылуы болады. 

– Бұл кеште маусымның қорытындысы шығарылады. Сізді концерттік бағдарлама мен «Cover karaoke pvl» финалы күтеді, – деді әкімдікте.

Кештің хэдлайнерлері – қазақстандық әнші қыздардан құрылған «KешYou» музыкалық тобы, ҚР МКҚ президенттік оркестрінің «Abyroy» тобы, әнші Қайрат Байекенов пен «Формат» тобы.