«Ертіс орманы» орманшылығында тағы да өрт шықты

«Ертіс орманы» орманшылығында тағы да өрт шықты
Иллюстрациялық фото: cdnn21.img.ria.ru

Елді мекендерге таралу қаупі жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, орман шаруашылығы қызметкерлері «Ертіс орманы» орманшылығында өртті сөндіруде.

– 6 шілдеде сағат 10:05-те Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» орманшылығында шамамен 1,4 гектар алаңда құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды, – деді департаментте.  

Еске сала кетейік, 4 шілдеде сағат 15.28-де Шарбақты ауданындағы «Ертіс-Орманы» орманшылығында жалпы ауданы 1,4 га құрғақ ағаштар жанған.