Екібастұздық полицейді еске алуға арналған футбол турнирі өтті

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болды – мақтау қағаздары, кубоктар мен медальдар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұзда МАИ инспекторы Ербол Сембаевты еске алуға арналған футбол турнирі өтті, ол 1994 жылы қызметтік борышын орындау кезінде қайтыс болған еді. Ашылу салтанатына Ерболдың жақын адамдары қатысты: оның әкесі Қабыкеш, анасы Айтжамал және жұбайы Маржан.
Спорттық шара барысында Екібастұз қалалық полиция бастығы Төлеген Құдайбергенов, ішкі істер органдарының ардагері Болатбай Әбенов және ардагерлер кеңесінің басшысы Бибігүл Исаева құттықтау сөз сөйледі.
Ойынға Екібастұздың түрлі құқық қорғау құрылымдарын білдіретін сегіз команда жиналды.
Бірінші орынды Екібастұз төтенше жағдайлар басқармасының командасы жеңіп алды. Екінші орын Павлодар облысының патрульдік полиция ротасына, ал үшінші орын арнайы жедел ден қою жасағына бұйырды. Турнирдің үздік ойыншысы ТЖБ командасынан Ахмет Оңдасы деп танылды. Үздік шабуылшылар – патрульдік полициядан Еламан Бекішев және ҰҚК командасының ойыншысы Қуаныш Байділдинов, ал үздік қақпашы – қалалық прокуратурадан Ернар Арсалам.