«Кір» нөмір: Павлодарлық жүргізушілерге айыппұл салынды

Жыл басынан бастап мұндай бұзушылық үшін 4 мың жүргізуші жауапқа тартылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаға күн сайын қала ішінде жол жүру ережелерін бұзу фактілері тіркелген бейнежазбалар келіп түседі. Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын автокөліктерді жүргізу фактілері де байқалған.
– Әр жағдайда автокөлік жүргізушілері анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілерді жол ережелеріне мұқият қараған кезде болмауы мүмкін қайғылы жағдайларды болдырмау үшін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, – деді департаментте.
Ведомства өкілдерінің сөзінше жолдағы қауіпсіздік бұл ортақ жұмыс. Әркімнің қосатын үлесі зор. Сондықтан да барша жүргізушілерді жол жүру ережелерін қатаң ұстануға шақырады.
Ислам Достов