Кенжекөлдегі балалар ауылында тағы екі жекпе-жек залы ашылды

Кенжекөлдегі балалар ауылында тағы екі жекпе-жек залы ашылды
Фото: Артур Поляков

Бұл жерде бокс, дзюдо және тоғызқұмалақ бойынша жаттығулар басталып та кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Балалар жауынгерлік өнерді өздері таңдаған. Олардың көпшілігі спортпен ұзақ уақыттан бері айналысып, алтын медальдарға ие болған.

– Жақында өткен жарыстардан біздің балалар тағы да үш алтын және үш қола медаль жеңіп әкелді. Үш жыл ішінде 55 жеңіс, 8 спорт шеберлігіне үміткер, 13 бала грепплингтен разрядқа ие болды, – деп атап өтті отбасылық үлгідегі балалар ауылы басшысының орынбасары Бақыт Жүсіпбекова.

Тағы екі жекпе-жек залын ашу туралы шешімді аймақтағы спорт басқармасы қабылдады.

Ұлттық ойындарды да ұмытқан жоқ. Негізгі ғимараттан тоғызқұмалақпен айналысуға арналған кабинет бөлінді. Жаттығулар күнделікті өткізіледі, бұл үшін спорт федерацияларынан жаттықтырушылар шақырылған.

– Бұл жоба қайырымдылық негізінде ұйымдастырылған. Жаттықтырушылардың жалақысын балалар спорт мектебі төлейді, ал балалар сол мектепке қабылданады, – деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев.

Жайлы жағдайда жаттығу мүмкіндігінен бөлек, тәрбиеленушілерге спорттық құрал-жабдықтар – кимоно, шлемдер, бокс қолғабы сыйға тартылды.

– Балалардың алдағы жарыстарға толық дайындық деңгейі бар, татами және манекендермен қамтамасыз етілген, – деп түсіндірді дзюдо жаттықтырушысы Мейірхат Жүсіпов. – Көпшілігі спортпен бұрыннан айналысады. Олардың базасы мықты екені байқалады. Біз мұнда олимпиадалық спорт түрлерінің ашылуын күткен едік.

Барлығы балалар ауылында 6 мен 18 жас аралығындағы 68 бала тұрады. Азамат Имашев тәрбиеленушілерге павлодарлық танымал спортшылармен кездесу ұйымдастыруға уәде берді.