Кенжекөл ауылында бөгетті нығайту жұмыстары басталды

Кенжекөл ауылында бөгетті нығайту жұмыстары басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл – су тасқынын алдын алу үшін қарастырылып жатқан шара, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Кенжекөл ауылындағы бөгетте атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

– Үйінділердің бұзылуы мен жақын маңдағы аумақтардың су басуын болдырмау мақсатында бөгетті нығайту жұмыстары басталды. Оған 11 арнайы техника мен 45 адам жұмылдырылған, – деп жазды шаһар басшысы өзінің жеке парақшасында.

Биіктігі 3,5 метр, ені 4-5 метр болатын бөгеттің 500 метрі, сондай-ақ, жол бойымен 800 метрі нығайтылды. Шамамен 7 мың тонна топырақ жеткізілді.

Полиэтилен жапқыш төсеу және қаптарға инертті материал салу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқынының алдын алу жұмыстары облыс әкімінің жеке бақылауында.