Мәскеуден кем емес: Павлодарлық дәрігерлер астаналық тұрғынның өмірін аман алып қалды
Сирек жүрек ауруы болған науқас Мәскеуде ем іздеп, қайтадан Қазақстанға оралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар кардиологиялық орталығына 44 жастағы Астана қаласының тұрғыны жүгінді. Ол Железин ауданының тумасы. Шұғыл түрде әйел реанимацияға жатқызылып, 3 апталық емдеуден кейін ол толық қанағаттанарлық жағдайда үйіне жіберілді.
– Мен сирек кездесетін жүрек ауруымен ауырамын. Бірінші топтағы мүгедекпін. Мәскеуде Чазов атындағы ғылыми-зерттеу институтында бірнеше рет емделдім. Мен Павлодарда жүргенде не істерімді білмедім. Жағдайым күрт нашарлап, Астанаға жете алмайтынымды түсіндім. Павлодарлық кардиологтардың көмегіне тікелей жүгінуге тура келді, – деді науқас.
Дәрігерлер әйелге ота жасады. Ол реанимация мен кардиология бөлімдеріндегі дәрігерлерге, атап айтқанда Екатерина Игнатенко, меңгеруші Майра Нұрқасовна және барлық медбикелер, санитарларға алғысын білдіруде.
– Мәскеудің ұлттық ғылыми-зерттеу институттарынан еш кем түспейтін Гүлжанат Жакова басқарған ұйымның жұмысы қаншалықты үйлесімді екенін көрдім. Ал науқастарға қызмет көрсету деңгейі өте жоғары. Павлодар өңірі тұрғындарының жүректері сенімді дәрігерлердің қолында,– деді әйел.
Жағдайы жақсарған науқас үйіне аман-есен оралды.