Май ауданында жүргізуші бағанаға соғылды

Май ауданында жүргізуші бағанаға соғылды
Фото: Павлодар облыстық ПД

Ол рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  29 қаңтарда Майтүбек ауылына кіре берісте «Тойота Камри-30» маркалы автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, электр бетон бағанасына соғылған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақаттар алған екі жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция тексеру жүргізуде.